Ұлттық банк Александр Македонский бейнеленген монеталарды сатылымға шығарады

Фото: Ұлттық банк
Ұлттық банк "Ұлы қолбасшылар" сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Монетаны 29 шілдеден бастап ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
"Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы 2000 дана", – деп жазылған хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды