"Орыс тілі – туған тілім": Қазақстандық блогер ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін 3,9 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Видеодан скрин
Желіде "Солтүстік Қазақ" деген атпен танымал блогер Аслан Төлегенов ұлтаралық араздықты қоздыру және саналы түрде жалған ақпарат тарату ісі бойынша 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, Төлегенов YouTube арнасында ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған видеороликтер жариялаған және саналы түрде жалған ақпарат таратқан.
Сотта ол өз кінәсін толық мойындаған.
Іс қысқартылған тәртіпте қаралып, кінәсі сараптамалық қорытындылар, ұялы телефон тексерісі, интернет сайт материалдары және видеожазбалар арқылы дәлелденген.
Сот үкіміне сәйкес Төлегенов орта қауіпсіздік режиміндегі колонияда жазасын өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Аслан Төлегенов өз мәлімдемесінде орыс тілінің тарихи және мәдени маңыздылығына тоқталып, туған елінің дамуына орыс халқының рөлін қорғауды мақсат еткенін айтты.
"Мен Аслан Төлегенов, халқымның мүддесін қорғау үшін көп нәрсені қатерге тігіп, тіпті аз ғана айырылып, еркіндігімді де жоғалту қаупін көрген жанмын. Жергілікті ұлтшылдардың шабуылдарынан орыс халқын қорғауға тырыстым. "Орысфобияға" қарсы белсенді түрде шықтым, туған елімнің дамуына орыс халқының тарихи рөлін қорғадым. Сәлеметсіз бе, Владимир Владимирович. Иә, бұл жерде "орысфобтар" тоқтайтын емес, пікірлерде қорлайды. Владимир Владимирович, сіз оларға өз орындарын көрсете аласыз ба? Орыс тілі – менің ана тілім, ол менің жанымды орап алған тіл. Егер маған осы тілде сөйлеуге тыйым салынса, бұл менің жанымды тартып алу сияқты болады. Қазақтың ұлы ағартушысы Табақұлы Намбаев айтқандай, орыс тілі бізге әлемді ашатын кілт береді, орыс тілі – сөздің қазынасы. Халықаралық деңгейде орыс тілінің ұлы мерекесі аталып өтеді", - делінген автордың мәлімдемесінде.
Асқар Төлегеновтің айтуынша, орыс тілі – маңызды мәдени құндылық, орысша сөйлейтін және ойлайтын адамдарды біріктіретін тіл. Осы тілде Достоевский, Тургенев, Лермонтов, Гоголь, Толстой өз шығармаларын жазған. Сондай-ақ, Кутузов, Суворов сияқты ұлы қолбасшылар орыс тілінде жеңіс стратегияларын жасаған. Орыс тілінде Юрий Гагарин ғарышқа ұшып бара жатып, әйгілі сөзін айтқан дейді ол.
"Қатты ұяламын": Қазақтарды "мамбетке" теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді
"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жарияланғаны хабарланды. Екатерина Бивол Instagram желісінде түрлі ұлт өкілдеріне, оның ішінде қырғыздар мен қазақтарға қатысты қорлайтын сөздер айтып, видео жариялаған еді. Осындан кейін Қырғызстанның ішкі істер министрілігі Екатерина Биволдың үстінен “ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды” деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Кеше Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында бокс бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне Қазақстанда қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр