"Ұлт өкілдеріне тіл тигізген": Қырғызстан танымал боксшы Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жариялады

Қырғызстанда әлем чемпионы, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оған ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ге порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, іс Қырғыз Республикасының қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша ("Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты қоздыру") қозғалған. Бұл бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тергеу мәліметінше, Екатерина Бивол қырғыздар мен қазақтарды және басқа да ұлт өкілдерін қорлайтын сөздер айтқан. 21 қазанда оның бейнежазбасы әдепсіз сөздермен әлеуметтік желілерде тараған.
Биволға айып сырттай тағылды. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданып, әйел іздеуге жарияланды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды