Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Ұлытау облысының бұрынғы әкімі Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. Жаңа директорды музей ұжымына мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова таныстырды.

Еске салсақ, Берік Әбдіғалиұлы 2024 жылдың 9 қазанында Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды. Облыстың жаңа басшысы болып Дастан Рыспеков тағайындалды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Тарих және қоғамтану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет еткен.

- 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

- 2016 жылы қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;

- 2017-2019 жылдары ұлттық музейдің "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;

- 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

- 2021-2022 жылдары мәжіліс депутаты;

- 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.

Талқылау