Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі конституциялық реформа мәселелерін талқылады

 Ұлытау облысының әкімі конституциялық реформа мәселелері талқылады

Бүгін өңір басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен облыстық актив отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген жаңа Конституция жобасы, оның ашық әрі жария түрде талқыланғаны айтылды.

 Ұлытау облысының әкімі конституциялық реформа мәселелері талқылады

Конституциялық реформа Әділетті Қазақстан қағидаттарына негізделіп, заң мен тәртіп, адал азамат және таза қоғам құндылықтарын нығайтуға бағытталған. Жаңа жобада бір палаталы Парламент – Құрылтай моделі ұсынылып, қоғамдық диалогты күшейтетін жаңа институттарды енгізу көзделген. Сондай-ақ Конституцияға өзгерістер тек референдум арқылы енгізілетіні белгіленді.

 Ұлытау облысының әкімі конституциялық реформа мәселелері талқылады

 Ұлытау облысының әкімі конституциялық реформа мәселелері талқылады

Отырыста конституциялық реформаны халық арасында кеңінен түсіндірудің маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасарларына, қала және аудан әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейту, ақпараттық кеңістікте жалған ақпараттың алдын алу және бұқаралық ақпарат құралдарымен жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 17:26