Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында олигархтардан қайтарылған 1,2 миллиард теңгеге мектеп салынады

Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр станциясында 80 орындық мектеп салуға 1,2 миллиард теңгеден аса қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкімет

Жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Ғимарат 1981 жылы салынды, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінде мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр.

Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.

Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқытуға қажет қолайлы жағдай жасайды.



Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында олигархтардан қайтарылған 28 миллиард теңгеге аурухана салынатынын жаздық. Мәліметтерге сенсек, жаңа көпсалалы кешеннің жалпы ауданы – 40 мың м2. Аурухана сараптамалық кластағы медициналық жабдықтармен жабдықталады. Онда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Енді жобаны аяқтау үшін Қазақстан олигархтарынан қайтарылған активтер салынады. Үкіметтің дерегіне сенсек, жобаның құны – 34,8 миллиард теңге.

Талқылау