Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің фотосы пайда болды
Ұлытаудағы Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Жомарт" шахтасында, "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахтадағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің суреті жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Жомарт" шахтасында, "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахтада байланысты, тау сілемінің құлауы салдарынан жеті кенші қаза тапты.
Қаза тапқандардың тізімі:
- Қайрат Аманбекұлы Ақшалов, 50 жас, насос қондырғыларының машинисі;
- Ардақ Боранбайұлы Жақубаев 27 жас, жер асты учаскесінің тау-кен шебері;
- Бақытбек Нышанұлы Жұмадуллаев, 50 жас, жер асты кеншісі;
- Орынбек Әмірханұлы Кенжебеков, 34 жас, тиеу-тасымалдау машинасының машинисі;
- Ғалымжан Есенбекұлы Молдабеков, 47 жас, бұрғылау көмекшісі;
- Олжас Жағалбайұлы Нұрұлдаев, 46 жас, жер асты учаскесінің энергетигі;
- Рожков Константин Владимирович, 33 жас, жер асты тау-кен жабдықтарын электрмонтаждаушы.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның Жомарт кеніндегі үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді