Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлынан екі жас үлкен": Танымал журналист Айгүл Иманбаеваның келініне қатысты жазба жариялады

Фото: https://www.instagram.com/ann_2905/

Танымал журналист Анна Данченко әнші Айгүл Иманбаеваның келініне қатысты деректі бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілі әншінің немересінің тұсаукесер тойына қатысып қайтты. 

"Айгүл Иманбаеваның шаңырағында қос қуаныш. Ұлы Асылжанның үйленіп, балалы болғанын көбі білмейді екен. Себебі әншінің баласы жеке өмірін жария етуден алшақ. Жан-жары – Жансая, өзінен 2 жас үлкен. Екеуі бір саладан. Айсұлу есімді  қыздары бар, бұйырса, жақында тағы да бөпелі болады. Бүгін Алматыда қос ғашықтың құрметіне дастархан жайылды. Белгілі себептерге байланысты үлкен үйлену тойлары болмады. Енді міне, Айгүл ханым ұлы мен келініне той жасап, артынша немересінің тұсаукесерін өткізді", – деп жазды журналист.



Еске салайық, Айгүл Иманбаева баласын үйлендіріп жатқанда әкесі дүниеден өткен еді. 

“Жалпы, баламмен ашық сөйлесіп, не нәрсе болса да талқылаймыз. Әкемнің қазасынан кейін ашық айтты. “Мен оны шын сүйемін, оның құшағында оянғым келеді” деді. Тура осылай айтты. Содан келісім бердім. Екі күннен кейін қыз жақтың анасымен таныстым. Бірақ қазақтың салтында бар дүниеден аттап кетпедік. Бүкіл жұртты шулатып, той жасауды әбестік көрдік. Қазалы күйде той жасағымыз да келмеді. Сәбит-Динарамен де ақылдастық. Ауылдан өзінің ата-әжесін алдырдық. Бас-аяғы бір аптаның ішінде екі жақтың ет жақындарын жинап, құдалық пен екі күнде беташарын өткіздік. Елге белгілі мәдениет саласының үздігі Алмахан Мұхаметқалиқызы құдағиым болып шықты. Сол кісіні көргеннен кейін, келінімнің қандай жерден шыққанына титтей де күмән болмады. Батамды бердім”, – деген еді әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 27 Маусым, 2025 13:57
Талқылау