Басты жаңалықтар
Кәсіпкер ұлына Абай есімін қойған ата-аналарға 180 мың теңге беруге уәде берді
2025 жылы Қазақстан ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixаbay.com
“Асыл тас” қоғамдық қоры ұлы философтың мұрасын сақтау бастамасымен шықты.
"2025 жылдың 10 тамызында дүниеге келіп, Абай есімі берілген балаларға 180 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалады", – деді кәсіпкер Дулат Тастекей Instagram парақшасында.
Ол бұл жобаның басты мақсаты – Абай мұрасын сақтау, оның есімін ұлықтау және жаңа ұрпақ арасында философиясын насихаттау екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген.
Еске салсақ, сенат депутаттары Қазақстанда 5 жастан асқан балаларды қамтитын "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы заңды мақұлдады.
Талқылау

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
Дәрігер мен этнограф жауабын берді

Қазақстандықтар не себепті филиппиндік бала күтушілерді таңдайды және олардың құны қанша
Қазақстандық отбасылар филиппиндік күтушілерге 900 доллар (465 957 теңге) және одан да көп төлеуге дайын екенін айтты