Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жабық бөтелкеде бір жыл жатқан жылан ер адамды шағып алды

Қытайдың Хэйлунцзян провинциясындағы улы жылан жабық бөтелкеде бір жыл өмір сүріп, ыдысты ашқан адамды шағып алған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам созылмалы аурудан зардап шеккен ұлына жылан шарабы деп аталатын үш бөтелке сатып алды. Ол баланы емдеудің көптеген әдісін қолданған, бірақ оның ешбірі көмектеспеген. Сондықтан ол қытайдың халықтық емдеу әдісіне жүгінуге шешім қабылдаған. Бұл сұйық дәріні улы жыланды күріш шарабы немесе астық спиртіне батырып жасайды. Этанол жылан уын денатурациялайды және осылайша оны зиянсыз етеді. 

Қытайлық азамат бөтелкелердің бірін ашқанда, ішіндегі жылан тірі болып шығып, оны шағып алған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, аман қалды.

National Geographic мәліметтері бойынша, жылан шарабын ішу қауіпті болуы мүмкін, өйткені кейде жыландар бөтелкеден де аман қалады. Бөтелке нашар жабылған кезде және дем ала алатындай ауа жеткілікті болған кезде бауырмен жорғалаушылар өмір сүруін жалғастыра береді. Сонымен қатар, жыландар арқылы өлімге әкелетін паразиттерді жұқтыру мүмкін.

Ал Уэльстегі Бангор университетінің зоология және герпетология пәнінің оқытушысы Вольфганг Вюстер мөрленген бөтелкеде жыланның тірі қалуы мүмкін емес деп санайды.

"Ешбір жылан бөтелкедегі сұйықтықта бір сағаттан артық өмір сүре алмайды. Жыландардың сиқырлы қабілеттері жоқ, олар басқа жануарлар сияқты ет пен қаннан жасалған. Олар өмір сүру үшін тамақ, су және оттегі қажет", — деді ол.

Бұл ретте лектор жыланның емдік қасиеті жоқ екенін атап өтті. Оның пікірінше, дәстүрлі медицина пайдасыз, сондай-ақ жыланның сирек кездесетін түрлерін жойып жіберуі мүмкін.

Талқылау