Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар үйіне алып кетті": Қазақстандық әйел ұлын ұрлап кеткенін айтып, көмек сұрады (видео)

Әлеуметтік желіде Петропавл тұрғынының қазақстандықтардан көмек сұраған видеоүндеуі тарады. Әйел өз ұлын ұрды деген күдікке ілінген, сондықтан қорғаншылық органдары баланы одан алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Оның айтуынша, кіші ұлы баспалдақтан құлап, дене жарақатын алып, қолы сынған. Осыдан кейін ол медициналық көмекке жүгінген. Алайда әйелдің айтуынша, балалар хирургы қолдың сынуы соққының салдарынан болуы мүмкін деп күдіктенген.

Сондай-ақ ол жарақат алған ұлымен бірге ауруханада жатқанда, қорғаншылық қызметкерлері оның мектептен қайтып келе жатқан басқа баласын алып кеткен.

"Бала жылап, айқайлап, олармен бірге барғысы келмей қарсылық көрсетті. Ол кезде мен кенже ұлыммен ауруханада болдым. Олар ұлымды ұрлап, балалар үйіне алып кетті. Қорғаншылық қызметкерлері балама психологиялық қысым жасады. Ал мені кенже ұлыммен бірге ауруханада күштеп ұстады. Қамқоршылық органдары мені бөлек бөлмеге қамап, шығаруға рұқсат бермеді. Тез қолхат жазып, үстіме пижама мен тәпішке киіп, баламды алып қашып кеттім. Олар заңға мән бермейді. Балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған, жалғызбасты анамын. Балалаыма ешқашан саусағымның ұшын тигізген емеспін", – дейді әйел.

Әйелдің сөзінше, құқық қоғау органдары үлгілі отбасының көзін құртқысы келеді.

"Көршілерден ешқандай шағым түскен жоқ. Балаларым мектепке де, балабақшаға да барады. Оларда бәрі бар. Киім-кешек, компьютер, телефон, планшет, ойыншықтар бар. Оларға ештеңе керек емес. Олардың өмір сүру жағдайы жақсы", – дейді әйела.

Оның айтуынша, қамқоршылық органдары кенже ұлын да алып кетпек болған. Дегенмен әйел ұлын алып қашып кеткен.

Аталған оқиғаға Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті түсініктеме берді.

"Қылмыстық кодекстің ("Кәмелетке толмағанға белгілі адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүріп жатыр", – деді полиция.

Талқылау