"Ұлымды әскерге жібермеймін": Әсел Асқар әскерге жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқандарға ашуланды
Танымал блогер Әсел Асқар көшеде жүрген жастарды күштеп әскерге әкетіп жатқандарға шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/
Айта кетейік, желіде жастарды әскерге көшеден ұстап әкетіп жатқан видео тараған еді.
“Әскерге күштеп апаруды қалай атайды?! Сұмдық! Мынадай жағдайдан кейін ұлымды әскерге жібермеймін. Алдымен тәртіпті дұрыстап, ретке келтірсін! Бәлкім сол кезде мынадай күйде ұятқа қалмайсыңдар!”, – деп жазды блогер.
-
Аягөзде сарбаз ант қабылдау кезінде есінен танып қалған (видео)
-
Назарбаев университетінің студентін әскерге күштеп алып кеткен: Қорғаныс министрлігі түсіндірді
Еске салайық, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандарды полиция мәжбүрлеп жеткізуге құқылы екенін ескерткен еді.
“Рейд кезінде кей азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полицей оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы. Шақыру комиссиясы жеткізілген адамдардың мәртебесін сол жерде анықтайды. Мерзімді әскери қызметке шақыруға негіз болмаған жағдайда оларды үйіне жібереді”, – деп түсіндірген еді жауапты орган.