"Ұлым аманаттап тапсырды": Айгүл Иманбаева неке қиған сәтінің видеосын жариялады
Танымал актриса Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққан сәтін есіне алып, неке қиған кездегі видеоны көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Ол белгілі журналист Әйгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасында қонақ болып, халыққа отағасымен түскен видеосын жария етті.
“Күйеуімді еш жерде көрсету ойда болған жоқ. Алайда бұл сырласуда көрсетемін деп шештім. Бұл – Лос-Анджелес қаласында некемізді қиған сәт. Әкем дүниеден өткен соң, ұлым оның орнын жоқтатпай мені аманаттап жолдасыма берді. Ол куәгер емес, аманат ретінде мені тапсырды. Ұлым Ерланмен бір шаңырақ астында өмір сүруіме қарсы болмады. Ерланның да бірінші некесінен қызы бар. Абай атамызша айтсақ, екеуміз “бір-бірімізді толып, толықтырып үйлендік", – деді әнші.
-
"Аяғына жығылып тұрып, кешірім сұрадым": Айгүл Иманбаева марқұм әкесін есіне алды
-
"Келін көргенін істейді": Айгүл Иманбаева енелерге үндеу жасады
Айта кетейік, өнер иесі екінші некесінен балалы болуға дайындалып жүргенін жасырмаған еді.
“Балалы болуға дайынмын. Биылғы жоспарда емес, Құдайдың жоспарындағы дүние. Бірақ менің маңдайыма бөпелі болуды жазса, мен дүниеге әкелуге дайынмын. Ер мен әйелге бөпе не үшін беріледі?! Біздің қазақта “Ойбай, қартайғанда туыпты” деген қазақтың құрып қалған сөзі бар. Біріншіден, қартайып тұрған түрім жоқ. Қазақтар ғана 35 жасында қартайып, 45 жасында өлімге дайындалады. Ол биологиялық өлшем емес. Мидағы ғана қалыптасқан түсінік”, – деген еді эстрада жұлдызы.
Оған дейін Айгүл Иманбаева келініне қандай талап қойғанын айтқан еді.