"Сирек жағдай": Ұлыбританияда сәби ана құрсағында жатқан кезінде бір қолынан айырылған

Ұлыбританияның Дарем графтығында дәрігерлер сирек кездесетін жағдайды тіркеді. Бала ана құрсағында жатқанда сол қолының бір бөлігінен айырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Independent-ке сілтеме жасап хабарлайды.
30 жастағы Том Нобл мен 33 жастағы Фэйт Ричмонд есімді ата-аналар бұл жағдайды жүктіліктің 15-аптасында жасалған жоспарлы УДЗ кезінде білген. Дәрігерлердің айтуынша, ұрықтың сол қолының білегі “амниотикалық перетяжка” синдромы салдарынан дамымай қалған. Бұл – амниотикалық қабықтағы талшықтар серпімділігін жоғалтып, баланың қол-аяғын қысып тастайтын, соның салдарынан өздігінен ампутацияға әкелетін сирек кездесетін жағдай.
-
"О дүниеге барып, әкеммен кездестім": Әйел босану кезінде болған тылсым жайт туралы айтты
-
Үй қызметшісі болып жұмыс істеген бойжеткен құпия миллионер болып шыққан
Соған қарамастан, Эзра деп аталған ұл бала дені сау және белсенді болып дүниеге келген. Ата-анасы ұлдарымен мақтанатынын және оның ерекшелігіне баса назар аудармайтынын айтты.
"Біз қолының жоқтығы оның өміріне кедергі болады деп ойламаймыз. Керісінше, ол өз армандарына жетеді деп сенеміз", – деді баланың әкесі.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді