Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияда алғаш рет ата тегі үндістандық саясаткер премьер-министр лауазымына тағайындалады

Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак Консерваторлық партияның ішкі сайлауында жеңіске жетті. Алдағы уақытта ол елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Риши Сунак

Риши Сунакпен бірге сайлауға Пенни Мордонт та түскен, алайда кейін ол өзінің сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. 

"Риши Сунак Консерваторлық партияның жаңа көшбасшысы атанды. Бұл оның жақын арада Ұлыбритания премьер-министрі болатынын білдіреді. Сунак консерваторлар палатасы депутаттарының көпшілігінің қолдауына ие болды", – делінген хабарламада. 

42 жастағы Риши Сунак Ұлыбританияның ең жас әрі алғашқы үндістандық ата тегі бар премьер-министр болмақ. 

"Оның үнділік ата-анасы медцина мен фармацевтика саласында жұмыс істеген. 1960-жылдары Шығыс Африкадан Ұлыбританияға көшіп келген. Сунак беделді жекеменшік мектепте, кейін Оксфорд пен Стэнфордта білім алған. Осы жерде ол болашақ жары, үндістандық миллиардердің қызы Акшату Муртиді кездестірді. Оқуын аяқтаған соң Сунак Goldman Sachs инвестициялық банкінде жұмыс істеді. Қазір жұп ең бай британиялықтар тізімінде 222-орында тұр және екі қыздары бар", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Лиз Трасс Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеген еді. Ол бұл қызметте 44 күн болған. Бұл – британ тарихындағы ең қысқа мерзім.

Талқылау