Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды
Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлыбритания үкіметінің ресми сайты Украинадағы әскери әрекеттерге байланысты Ресейге қарсы санкциялар аясында 56 жеке және заңды тұлғаға қатысты шектеулер енгізілгенін хабарлады.
Бұл 2023 жылдың мамыр айынан бергі ең үлкен санкциялар пакеті, оның ішінде Қазақстан, Қытай және Түркия компаниялары, сондай-ақ Кремльмен байланысты жеке әскери топтар да бар.
Ұлыбритания Қазақстандағы мынадай компанияларға санкция салған:
- "TawKZ" ЖШС (өнеркәсіптік мойынтіректерді, құралдар мен жабдықтардың бөлшектерін шығарумен айналысады);
- "Рабадазия" ЖШС (көтерме сауда, компания шетелдік жеке тұлғаға тиесілі);
- "CPS Energy" (қалалық электр энергетикасы кәсіпорны);
- "Запчаст-Трейд" (автомобиль бөлшектерін көтерме саудамен айналысады);
- "Kazstanex" ЖШС (машина жасау саласында әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндірумен және жеткізумен айналысады);
- "Stanex Group" (өнеркәсіптік жабдықтарды, құрылыс материалдарын жеткізеді).
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді