Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлы, келіні және немерелері барған": Дариға Назарбаева Каннда 50 миллион теңгелік қайырымдылық аукционына қатысты (видео)

Желіде Дариға Назарбаеваның Монако ханшайымы Грейс Келлидің құрметіне арналған қайырымдылық аукционына қатысқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Письма президенту басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Кадрлардан тұңғыш президенттің қызы Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев, әйелі және үш баласымен бірге Канндағы қымбат шараға қатысқанын байқауға болады. 2 адамға билет құны 33 мың еуро, яғни 17 миллион теңге. Назарбаевтар әулетінен 6 адам қатысқанын есепке алғанымыз жөн. Осылайша, қайырымдылық кешіне кіру сомасы – шамамен 51 миллион теңге.

Салтанатты кешті Голливуд актрисасы Шэрон Стоун ұйымдастырды. Қонаққа америкалық әнші Робин Тик арнайы шақырылған. Кадрлардан Йорк герцогинясы, ханзада Эндрюдің бұрынғы әйелі Сара Фергюсонды да көруге болады.



Knights of Charity Gala қайырымдылық шарасы Француздық Ривьера аталатын ең қымбат сарайда өтті. Аукционда ең қымбат лоттар ойнатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев Paramount Global медиа компаниясын сатып алмақ болғаны туралы жазған едік. Осылайша Нұрәлі Әлиев пен оның серіктестері компанияны шілде айының басында оны сатып алуға келісіп қойған америкалық Skydance Media компаниясымен бәсекеге түскен. 

Талқылау