Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлдарының көзінше киімсіз жүреді": Мөлдір Әуелбекова аналарға үндеу жасады

мөлдір әуелбекова әнші Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұл тәрбиелеп отырған аналарға үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің жазбасы көпшілікке ой салды. 

“Ұл балаларының көзінше киімсіз жүре беретін аналар бар екен. Таңғалып отырмын. Өз басым ұлымды омыраудан шығарғалы, көзінше тіпті киім ауыстырмайды екенмін…", – деп жазды ол.



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өмірлерінде болған оқиғаны бөлісіп жатыр.

“Менің енем балаларының көзінше киімін ауыстырады. Ескерту жасағаным үшін басым бәлеге қалған”, “Моншаға ересек балаларымен бірге түсетін әйелдерді көрдім”, “Анасының көйлек ауыстырғанын көру ұят емес”, “Өзіңіздің өзгелерден артықшылығыңыз осы шығар?!”, “Ер баланың көзінше анасы шешінбеуі керек”, “Менің анам киімін ауыстыра береді. Баласының психикасы дұрыс”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, әнші хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болғанын жазған едік.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 09:31
Талқылау