Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚШҰ әскери күштері Қазақстанға келеді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің контингенттері оқу-жаттығулар өткізу үшін Қазақстанға бағыт алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі БелТА порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Мәліметтерге сенсек, контингенттер 26-30 қыркүйек аралығында "Бұзылмас бауырластық – 2024" оқу-жаттығуларын өткізеді. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан әскери өкілдері ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштерімен бітімгершілік операциясын жүргізуді пысықтайды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – ҰҚШҰ контингенттерін кедергісіз тасымалдауды қамтамасыз ету және ұйымның әлеуетін арттыру.

2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылықтар басталды. Бұл жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Қазақстан билігі наразылық білдірушілерді террористер деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін республикаға енгізу туралы өтініш жасап, олардың көмегімен наразылықтарды басуға шақырды.



Еске салайық, бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҰҚШҰ-ның БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуын талқылаған. ҰҚШҰ таратқан ақпаратқа қарағанда, кездесу барысында "ұйым қызметінің өзекті мәселелері, 2023 жылғы 23 қарашада Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының шешімдерін орындау барысы" талқыланды. Сондай-ақ 2024 жылғы маусымда өтетін ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына дайындық барысы" пысықталған.

Талқылау