Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болғандар қылмыс үстінде қолға түсті

Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК: Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болды

23 қазанда ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы аумағында 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолы кесті.

Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Олар Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-тармағына (Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу) сәйкес күдіктеліп отыр.

ҰҚК: Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болды

«Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша, алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар)», - дейді ҰҚК-ның баспасөз қызметіндегілер.

ҰҚК: Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болды

Тергеу мәліметтері бойынша, радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған.

ҰҚК: Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болды

ҰҚК: Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болды

Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне байланысты, басқа ақпарат жарияланбады.

Талқылау