ҰҚК бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді
Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесіне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті үкімет қаулысына қол қойды.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", – делінген құжатта.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болу керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі