Эстрада жұлдыздары қандай жағдайда концерттен бас тартуға болатынын айтты
Эстрада жұлдыздары қандай жағдайда гастролдік сапарлардан бас тартатынын айтты. Нұржан Керменбаев пен Ернар Айдар оған бірнеше себеп келтірсе, Серік Ибрагимовтың продюсері «концерттен бас тартуға тек адам өлімі себеп бола алады» дейді.
«Мысалы, ұшақ ұшпай қалса, оның бәрін көрсетіп, айту керек. Сол күні сол қалаға жете алмай қалса… Сондай кезде бас тартуға болады. Бас тартқанда да түбегейлі емес, басқа күнге ауыстыру керек», – дейді Ернар Айдар.
Ал Нұржан Керменбаев әншінің жеке өміріне және денсаулығына байланысты концерттен бас тарта алатынын тілге тиек етті.
«Ауырып қалады әртіс. Себептер көп қой, әртүрлі себеп болады. Жеке өміріне байланысты қайғылы оқиғалар, қайғылы жағдайларға қатысты болып қалуы мүмкін», – деді Керменбаев «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.
Ал танымал продюсер Алтынбек Рахметов «концерттен бас тарту мүлдем дұрыс емес» деген ұстанымда.
«Екі ақ адам билет алатын болса, сол екі адамның алдында 200 адамның алдында тұрғандай біз концерт беруге дайынбыз. Концерттен бас тартуға тек өлім себеп бола алады. Құдай сақтасын, әрине», – деді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде
Роза Әлқожаның ұлы анасының мерейтойында ән шырқады (видео)
Ерке Есмахан: Әйелдің бақыты – отбасы (видео)
Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірген Есболат Беделхан халықтың жауыздығына қайран қалды