Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эстонияда ер адам әйелді 5 жыл құлдықта ұстаған

47 жастағы эстониялық Кайдо Мозен 5 жыл бойы құл жұмсап келген. Алғашқыда ол 51 жастағы әйелді жертөледе қамап ұстаса, кейінірек оны жылуы жоқ бөлмеге көшірген.

цццц

Сурет jewishnews.com.ua

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша ер адам әйелге ойына келгенін істеген. Оны қалдықтармен тамақтандырып, үнемі ұрып-соғып, оның зейнетақысы мен әлеуметік көмегін де тартып алған. Ол әйелді үйдің шаруашылығына жеккен. Еркектің таныстары мен достары оның бұл қылығынан хабардар болған.

Оның құлдықта жүргені туралы Мозен басқа қылмысымен ұсталған кезде ашылған. Наурыз айында сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, айыппұл салды.

2013 жылы да Лондондық екі адамның үш әйелді 30 жыл бойы құлдықта ұстағаны белгілі болған еді. Олар 57 жастағы ирландиялық, 69 жастағы малайзиялық және 30 жастағы британиялық әйелдерді ұстаған.

Талқылау