Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа тұтқындалды
ҚР энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа екі айға тұтқындалды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
«Санкция бар. Ауданаралық мамандандырылған тергеу соты тергеу жүргізіп жатқан органның Шкарупа Анатолий Валерьевичке қатысты 2 айға, 2019 жылдың 16 қаңтарына дейін тұтқындау түрінде бұлтартпау шараларын қабылдау туралы өтінішін қанағаттандырды», – дейді елордалық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Хабарланғандай, тұтқындау туралы сот санкциясы 18 қараша күні берілген.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Анатолий Шкарупаның тұтқындалғанын растаған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"