Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электр желісі астында балық аулаған Ақтөбе тұрғыны көз жұмды

Дәрігерлер желіге қол тигізбей-ақ тоққа түсу қаупі бар екенін ескертті.

2665824

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Саздинка өзеніне балық аулауға барған 59 жастағы ақтөбелік қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қайғылы оқиға жуырда гипермаркеттердің бірінің маңында болды, ер адам электр желісінің астында балық аулап отырғанда, қармағы желіге тиіп кетіп, тоққа түседі. Балықшының денесі қатты күйіп, бірнеше күн ауруханада жатып, көз жұмады.

“Зардап шегуші 28 маусым күні таңғы 9-да түскен. Денесінің 50%-ы күйіп кеткен. Жарақаты аса ауыр болды. Үш күн бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Көрсетілген емге қарамастан, науқас көз жұмды”, — деп хабарлады дәрігер Нұрлан Әбішев.

Оның айтуынша, электр желілерінің маңында “адымдық кернеу” деген құбылыс болады, яғни желіге тиместен тоққа түсу қаупі бар.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде дүлей дауылдан құрлыс краны құлап,көпқабатты үйдің балкондары опырылып түсті(фото)

Жоғалып кетіп Шымкенттен табылған студент жігіт не болғанын есіне түсіре алмауда

Көпшілік Алматыда болған төбелесте қашып жүрген полицейді табалады (видео)

Талқылау