ЭКСПО-дағы шытынаған әйнектерді жақын арада ауыстырады
“Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс жөніндегі департамент басшысы Сергей Куянов әлеуметтік желіде тараған “Нұр Әлем” павильонындағы шытынаған шынының видеосына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
“Құрылыс барысында бірінші шыныны қойған кезде, субмердігер компания жұмыстар жүргізді. Оған тиіп кетіп, бірнеше шыны сынып қалған болатын. Жаңасына тапсырыс бердік. Ол жолда зақымданып шытынап қалды. Жаңасы келе жатыр, ертең таңертең осында болуға тиіс. Келе салысымен қоямыз”, — деді Куянов.
Оның атап өтуінше, орнатылған шындағы майда ақаулықтар мен шытынаулар нысанның қауіпсіздігіне әсерін тигізбейді. “Нұр Әлем” павильонының диаметрі шыны сфера пішінінде жасалған – 80 метр. Бұрын хабарланғандай, құрылысқа 2 824 шыны пайдаланылған. Әр қайсысының салмағы – 800 келі.
Бұған дейін ЭКСПО-дағы Қазақстан павильоны әйнектерінің шытынып кеткен видеосын жариялаған едік.
Тағы да оқыңыз:
Полицейлер шатырда жыныстық қатынаспен айналысқан қыз бен жігіттің үстінен түсті (видео)
Астана әуежайы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды
Желіде Қайрат Нұртастың домбырамен ән айтқан сәті жарияланды (видео)