Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эксперимент: Тұрғындар сәбиін көшеге тастап кеткен бойжеткенді көргенде не істеді? (видео)

Елімізде көптеген қыз-келіншектердің жаңа туған сәбиін жасырын түрде далаға не қоқыста тастап кетіп жатқаны белгілі. Шымкентте тұрғындардың осы мәселеге қалай қарайтынын анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді.

photo_35646

ШЗерттеуді Шымкенттегі tvk арнасы жүргізді. Ондағы мақсат – тұрғындардың қоғамдық проблемаға қалай қарайтынын анықтау.

Зерттеу барысында бойжеткен сәбиін құшақтап келе жатады да, оны елдің көзінше ала сөмкеге салып көшеге тастап қашып кетеді. Бұған әр адамның реакциясы әр түрлі болды. Бірі дереу көмекке ұмтылса, енді бірі таңғала қараған күйі кетіп қалды. Тіпті, елемей өтіп кеткендер де болды.

Тәжірибеге сәбидің жылаған даусын шығаратын қуыршақ пайдаланылды.

Зерттеу соңынан ұйымдастырушылар мынадай қорытынды жасады. Шымкенттіктер арасында өзгенің проблемасына көз жұмып өте шығатындар аз, көмекке құштарлар көп болып шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Журналист қыздарды жүкті қылып тастап кететін жігіттерді ел алдында жазалауды ұсынды

Қостанай облысында 17 жастағы ана сәбиін тастап жезөкшелік жолға түскен

ОҚО-да жаңа туған сәбиді қытай сөмкесіне салып, мектеп жанына тастап кеткен

Талқылау