Экс-депутат Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін сынап тастады
Ақтөбеде өткен «Абай оқулары» байқауында қазылық еткен тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін сынап тастады.
Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.
«Біздің қазақ сахна іздемеген, байқау іздемеген, өмірдің өзін байқау қылып өткізген. Отырыста «Анда барам жоқ, мұнда барам жоқ» деген өлең айтпаған», — деді экс-мәжілісмен.
Бүгінде тыңдарманның сүйіктісіне айналып, барлығы қосылып орындайтын Еркенің хит әні белгілі тіл жанашырының көңілінен шықпаған сыңайлы. Есесіне, жастарға қай ортада болмасын мәні мен мазмұны жоғары өлеңдерді кеңінен оқу керектігі туралы ақылын айтты.
Тіл жанашырының пайымынша, жастар Мұхтар Шаханов, Әбіш Кекілбаев секілді ел ақын-жазушыларын оқу керек.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде өткен «Абай оқулары» байқауында қазылық еткен экс-мәжілісмен, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы облыста тілге құрметтің төмендігін көріп, қаладан «шорт кетіп бара жатқанын» жеткізген болатын.
Оқи отырыңыз:
Әлішер Кәрімов қалыңдығының қалай сәлем салатынын көрсетіп жұртты шулатты
Камера алдында шешінген Әзімбаева жұртты еліктірді (фото)
Айдана Меденова Луина ұтқан жүлденің өзіне бұйырмағанына өкпелі
16 аспапты меңгерген жігіт әлі де бұл тізімді толықтырмақ ниетте