ЭКО арқылы баланы өмірге әкелу шариғатқа қарсы ма?
Нәрестені ЭКО жолымен дүниеге әкелу дінге қайшы ма?
ЭКО жолымен нәрестені дүниеге алып келу емделу тәсілдерінің бір түрі. Ол шариғатқа қайшы емес, деп жазады muftyat.kz.
Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Уа, Алланың құлдары! Емделіңдер. Расында Алла әрбір дертті дауасымен қоса жаратты» (Әбу Дауыт риуаяты). Бірақ емделудің бұл жолы шариғат аясында болуы тиіс. Яғни, жүкті болуға қажетті «шәует, әйелдің жұмыртқа клеткасы және жатыр» бәрі бірдей бір ерлі-зайыптылардікі болу керек. Сол кезде ғана рұқсат етіледі.
Егер бұл шарттары орындалмай, бөгде әйелдің жұмыртқа клеткасы немесе өзге ер кісінің шәуеті немесе жұмыртқа клетканы өзге әйелдің жатырына қондыру арқылы іске асса, онда ол шариғат бойынша харам болады. Бұл жолдардың кез-келгені зинаның бір түріне жатады.
Тағы да оқыңыз:
Шымкенттік оқушы қыз рак клеткаларын жойып жіберетін дәрі жасап шықты
Алматылық отбасының ЭКО арқылы дүниеге келген үш бірдей баласы сал ауруына шалдыққан
Шариғат қандай жағдайда түсік (аборт) жасатуға рұқсат береді?