Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2027 жылы Қазақстанда ҰБТ форматы өзгертіледі

ҰБТ

Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

2027 жылы Қазақстанда ҰБТ өзгере бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова биыл ҰБТ әдеттегідей болатынын айтты. 


ҰБТ-ның 2026 жылға арналған шекті балдары белгілі болды


ҰБТ түбегейлі өзгереді: Министрлік тестілеуге қандай өзгерістер енгізілетінін айтты


“ҰБТ қазіргі форматында өзгеріссіз қалады және өткізіле береді. Дегенмен біз ҰБТ-ны жетілдіру үшін америкалық компаниямен жұмыс істей бастадық. Бұл кезең-кезеңімен, 2027 жылдан бастап пилоттық жоба ретінде басталып, содан кейін 2029 жылға дейін кеңейтіледі”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеудің елеулі өзгерістерге ұшырайтынын айтқан еді. 

Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары барысында ETS бас директоры Амит Севакпен кездесті. Кездесуден кейін ҰБТ әдістемесін және мазмұнын қайта қарастыратын арнайы жұмыс тобы құрылатыны хабарланды.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 17 Желтоқсан, 2025 13:02