Қазақстанда Chevrolet Cobalt тізгіндегендерді Яндекс Такси-де жұмыс істей алмайды деп қорқытты

Әлеуметтік желіде Яндекс Такси сервисінің Chevrolet Cobalt көлігін тіркеуге тыйым салатыны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
TikTok желісінде тараған ақпаратта тыйымның 1 мамырдан басталатыны айтылған.
Тараған ақпаратқа қатысты Яндекс Такси сервисінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
"Компанияның баспасөз қызметі Яндекс Такси сервисінің тапсырыстарын орындау үшін Chevrolet Cobalt көлігіне шектеу қояды деген ақпараттың жалған екенін хабарлайды. Талапқа сай келетін автомобилдердің толық тізімін кез келген адам тексеріп біле алады. Жалған ақпаратты таратқан парақшалардың ешқайсысы компанияға пікір сұрап немесе ақпаратты тексеру үшін хабарласқан жоқ", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда тұрғындардың шағымына байланысты "Яндекс.Такси" комиссиясын шектеу ұсынылған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты