Яна Легкодимованың қатыгездікпен өлтірілген сәтінің видеосы жарияланды (видео)

Фото: Видеодан скрин
Атырауда аса қатыгездікпен өлтірілген 23 жастағы Яна Легкодимова жоғалып кеткен түні бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеолары жария болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бойжеткеннің өліміне қатысты қылмыстық істі жүргізіп, дәлел мен айғақ іздеген Атырау облыстық полиция қызметкерлері ұсақ-түйекке дейін мұқият тексерген. Айтуынша, үйдің жанына Ризуан Хайржановқа тиесілі ақ көлік келіп тоқтаған. Видеодан қыздың көлікке отырып жатқанын көруге болады.
“Біз үйден шыққан кезден бастап көліктің қозғалыс бағытын құрастырдық. Камералар ақ түсті көлікті көрсетті, қыз сол көлікке отырды. Жанында екінші ер адам болды, ол есікті ұстап тұрды. Кейін ол да көлікке отырды. Содан кейін олар Талдыкөл ауылына қарай бет алды”, – дейді Атырау облысы ІІД тергеу басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Темірхан Хажмұратов.
Ер адам қызды күштеп көлікке итеріп жатқандай болды.
Кейін олардың біреуі Янаны тұншықтырған, ал екіншісі қылмыстың ізін жасыруға көмектескен.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Яна Легкодимованың мәйіті биыл маусымда Атырау облысынан табылған еді. 2024 жылдың 18 қазанында бойжеткен танысының қоңырауынан кейін үйінен шыққан. Бірақ сол күйі үйіне оралмаған. Ол өмірінің соңғы сәттерінде танысының көлігінде болған. Қылмыстық істі қозғауға Янаның күнделігі себеп болған. Марқұм күнделігінде "Р" деген біреуді атап өткен.
17 қарашада сот Янаны өлтірді деп айыпталған 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырды.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білсе қайда жүгіне алады