Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

World Boxing Кубогы: Әнел Сақыш пен Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады

Астанада әлем кубогыФото: Тұрар Қазанғапов

Астанада өтіп жатқан World Boxing Кубогында Қазақстан құрамасының мүшелері Әнел Сақыш пен Назым Қызайбай жарысты сәтті бастап, келесі кезеңге жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнел Сақыш 54 келіге дейінгі салмақта 1/16 финал сатысында Германиядан келген Татьяна Обермайермен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Екінші және үшінші раундтарда қарсыласы үш рет нокдаунға түсті. Осы жетістік арқылы Сақыш келесі кезеңге өтті. Айта кету керек, өткен жылы ол Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.

Ал 48 келі салмақтағы Назым Қызайбай 1/8 финалдық кезеңде Канада спортшысы Приянка Дхиллонмен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жекпе-жек нәтижесі төрешілердің бір ауызды шешімімен анықталды. Қызайбай — 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ ол 2021 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Оның қарсыласы Приянка Дхиллон 2022 жылғы Достастық ойындарының қола медалін иеленген болатын.

Айта кетейік, биылғы World Boxing Кубогына Қазақстан әйелдер құрамасы барлық он салмақ дәрежесінде қатысып жатыр.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025 15:47
Талқылау