Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp жаңа функцияларды іске қосты

WhatsApp желісі жаңа фильтрлер мен фондарды іске қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

“Біз WhatsApp бейнеқоңырауларды әлдеқайда қызықты ететін фильтрлер мен фондарды шығарып жатырмыз. Фильтрлер жайлы атмосфера қалыптастыруға көмектеседі. Видеоңыздың түсін өзгертіп, оған ерекше бейне бере аласыз. Фондардың арқасында сіздің отырған орыныңызды басқалар көре алмайды”, – делінген хабарламада.


WhatsApp топтарын құрған әйел қазақстандықтарды 2,8 миллиард теңгеге алдап кеткен


WhatsApp 10 фильтр мен 10 фон қосқан.

Жеке немесе топтық бейне қоңырау кезінде жаңа фон мен фильтрді қолдана аласыз. Бұл функциялар алдағы апталарда барлық пайдаланушыларға қолжетімді болады.

Еске салсақ, осыған дейін WhatsApp қажетсіз әңгімелесушілерден қорғау функциясын қосатынын жазғанбыз.

Талқылау