“Синтетикалық препаратты жарнамалаған”: Медсақтандыру қоры Астана ауруханасындағы QR кодты түсіндірді
Астанадағы медициналық мекемелердің біріндегі QR кодта синтетикалық препараттың жарнамасы орналастырылғаны белгілі болды. Жағдайға қатысты әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: КазТАГ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы бұл жағдайды "жүйедегі ақау" деп түсіндірді.
"Астана қалалық №8 емханасының стендінде ілінген QR коды түзетіліп, дұрыс жұмыс істеп тұр. Ақпаратты кодтау жүйесінде болған техникалық ақау дер кезінде жойылды", – деп хабарлады МӘМС.
Алматылық әйелді Damumed-те "есірткіге тәуелді" деп өтірік тіркеген
Айта кетейік, Астанадағы медициналық мекемелердің бірінде орналастырылған QR коды “систетикалық препараттардың” жарнамасына сілтейтіні белгілі болған.
Еске салсақ, осыған дейін Астанада Damumed қызметіне қатысты тергеу аяқталғанын жазғанбыз.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”