Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp интернет бұғатталған кезде де жұмыс жасамақ

WhatsApp пайдаланушыларға интернет бұғатталған жағдайда мессенджерге қосылуға мүмкіндік беретін жаңа функцияны енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа функция еріктілер мен ұйымдардың прокси серверлеріне қосылуға мүмкіндік береді. Проксиді орнату бойынша тиісті нұсқаулар мессенджер блогында жарияланған. WhatsApp-қа прокси арқылы кіру нұсқаулықтары бөлек мессенджер хабарламасында сипатталған.

"Интернет үзілістеріне байланысты көпшілігінің жақындарымен байланысу мүмкіндігі жоқ. Бұл адамдарға көмектесу үшін біз әлем бойынша WhatsApp қолданушылары үшін прокси-серверлерді қолдауды іске қосамыз", –  делінген компанияның хабарламасында.

Мессенджердің айтуынша, прокси-сервер арқылы кіру WhatsApp-тың жоғары құпиялылық пен қауіпсіздік талаптарына жауап береді. Бұл функция Иранда адам құқықтарының бұзылуына және жедел көмек ала алмауына әкелген бірнеше айға созылған интернет бұғаттаулары кезінде пайда болды.

Талқылау