Volvo электромобильдерге сұраныстың төмендеуіне байланысты 3000 адамды жұмыстан шығармақ

Фото: REUTERS
Volvo компаниясы Швеция аумағында кеңсе қызметкерлерінің 15% қысқартатынын мәлімдеді. Жаппай жұмыстан шығару кәсіпорынның құрылымын жаңарту мақсатында жасалмақ. Ал мұндай шешім қабылдауға электромобильдерге сұраныстың төмендеуі мен АҚШ тарапынан енгізілетін салық көлеміне байланысты болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың сәуірінде көлік өндіруші шығынды азайтуға арналған бағдарламасын таныстырған. Оның аясында 18 миллиард швед кроны көлемінде шығын қысқартылмақ. Бұл шамамен 1,9 миллиард долларға тең. Ресми дерекке сәйкес кеңсе қызметкерлерінің 15% жұмыстан шығарылады, оның ішінде 75% Швеция аумағында жұмыс істейді.
Қарыз көлемін азайту үшін көлік құрылысы нарығындағы екінші алпауыт – Nissan компаниясы да Жапониядағы тарихи штаб-пәтерін сатпақ. Кеңсе ірі теміржол станциясының маңында орналасқан, бағасы да жоғары екен.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген