"Адамдар тамақ беруімді сұрап жылап жүрді": Астаналық кәсіпкер тұрғындарға көмек қолын созып, қайырымдылықпен айналысуда
"Terra Libera" қоғамдық қорының жеткшісі, астаналық Ерғали Әбішев карантин уақытында көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуда. Stan.kz тілшісі әлеуметтік көмек көрсетіп жүрген еріктіден көмекке зәру отбасыларды қалай таңдайтынын, қайырымдылықпен айналысуға не түрткі болғанын сұрап білді.
Ерғали Әбішев соңғы екі жылда қоғамдық жұмыстармен айналысып жүргенін айтады. Қоғамдық қор коммерциялық емес ұйымдардан зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік және консультативтік көмек көрсетеді. Қазір елімізде жарияланған карантинге байланысты жұмысынан айрылған отбасылардың күн көруі қиындап кеткені жасырын емес. Сондай отбасылардың бірқатарына қол ұшын созған Әбішев бұған қалай келгенін айтты.
"Ерікті болып ешқашан айналысқан емеспін. Бұл менің бірінші тәжірибем. Сәуірдің басында қалаға жұмыстармен барған кезде басталды бәрі. Бір-екі күннің ішінде адамдар келіп көмек сұрай бастады. Тамақ беруімді сұрап жылап жүрді", - деген ол көшедегі қайыршылар емес өзі сияқты адамдың көмек сұрап жүргені қатты батты дейді .
"Көшедегі қайыршылар емес, өзім сияқты қарапайым адамдар екенін көріп тұрмын. Сондықтан бір-екі күн қалай көмектесе алатынымды жақсылап ойландым. Ақыр соңында "Азық-түлік себеті" деген азаматтық бастаманы көтердім. Барлығы аяқастынан болып кетті", - дейді Ерғали Әбішев.
"Біз Фейсбук желісіндегі астаналықтар көп отыратын екі группада жазба қалдыруды жөн деп таптық. Біз ол жазбада азық-түліктің ішіне не кіретініне дейін жаздық. Бірақ мұның нәтижесі неге әкеліп соғатынын, нақты қалай жүзеге асыратынымызды ол кезде түсінген жоқ едік", - деген ерікті көмек керек деп жүгінетін отбасылардың көп болатынын күтпегендерін айтады.
"Келесі күні біз күтпеген жағдай орын алды. Көмекке мұқтажбыз деп өте көп отбасы жазба қалдырған екен. Біздің команда көмек қолын созуға ниетті он адаммен байланысып едік. Жағдайы төмен отбасыларға көмектесуге ынталы адамдардың барлығын сол жазбадан кейін таптық. Олар өз ақшаларына керекті азық-түлікті сатып алды", - дейді Әбішев.
"Ертесі күні дәл сол группаға тағы бір пост жазияладық. Өйткені, бірнеше күннен кейін ақшамыз таусылатынын, күн сайын көмек керек деп хабарласатындардың көбейетінін түсіндік. Содан кейін "бір отбасыға көмектесе аламын" деген екінші бастаманы көтердік. Азық-түлік себетіне ақшалай көмектесе алатын, ең болмағанда бір отбасыға көмек бере алатын барлық адамды көмек қолын созуға шақырдық. Қазіргі күні ол адамдардың саны 40-қа жақындап қалды", - дейді Ерғали Әбішев.
Мұқтаж жандарға көмек бергісі келетін адамдардың қатары күн санап артуы көңіл қуантатынын айтады ерікті. Бұл істі бастағанда бірге қолдау білдірген Крючкова Ольга досына алғысы шексіз. Өйткені, қанша отбасы болса да азық-түлікті жекізуге тек Ольганың көлігімен бартындарын айтады. Әзірше, жалғыз жеткізу көлігіміз осы дейді. Ерғали Әбішевтің айтуынша, осы уақытқа дейін 100-ге жуық отбасыға көмек көрсетілген.
"Біз көмекке мұқтаж отбасыларды қалай таңдаймыз? Группа модераторы келген өтініштерді реттеп, қанша адам екенін есептеп, оларға хабаласады. Отбасыдан канша адам, олар неге көмекке мұқтаж екені білуге тырысады. Өйткені көмек көрсетіледі десе кейбір адамдардың да алғысы келетінін түсіндік, ал біз нағыз мұқтаж адам азық-түлікпен қамтылғанын қалаймыз. Одан кейін біздің командадағы көмек көрсетуші отбасыға қалай көмектесетінін өздері ақылдасады. Ақшалай немесе азық түлікпен - бұл жерде ешқандай қатып қалған ереже жоқ", - деді ерікті.
Вирустың өршіп тұрғанын ескерсек, еріктілерден мұндай жанкешті қадамға барудан қорықпай ма деп сұрағанымызда:
"Вирустан біз де қорқамыз. Бірақ амал қайсы? Адамдар вирустан немесе ашықтан өледі. Үлкен айырымашылық жоқ. Сондықтан оларға көмектесу үшін барлық қауіпсіздік шараларын сақтап жүрміз", - дейді Ерғали Әбішев.