Волейболдан жарысқа бара жатқан: Ақтөбе облысында жол апатына ұшыраған төрт баланың жағдайы ауыр
Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасы облыс орталығына волейбол жарысына бара жатып, жолда апатқа ұшыраған балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" порталына сілтемемен.
“Сағат 12-де бізге Ақтөбе-Шұбарқұдық тас жолының Қарақобды аймағындағы жол апаты болған жерден сегіз бала әкелінді. Төртеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланса, тағы төртеуінің жағдайы өте ауыр. Төрт бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Біреуіне ота жасалды. Екінші балаға ота жасалып жатыр. Барлық балаларды травматологтар, хирургтер, нейрохирургтер, жақ-бет хирургтары және реаниматологтар тексеріп шықты. Ем шараларын күшейту үшін бөлім меңгерушілері, хирургтар, травматологтар, нейрохирургтер шақырылды. Дәрігерлер ата-аналармен байланыста болып, балалардың жағдайын, оларға қандай көмек көрсетіліп жатқанын хабардар етіп отырады”, – деп мәлімдеді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов.
- Қызылорда облысында бензин таситын көлікпен болған жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Ақтау тұрғындары кішкентай қыз қаза болған жердегі жолды жауып тастады
Балалардың барлығы 12 жаста. Көбінің денелерінде көгерген жерлер мен сынық белгілері бар.
Бұл істі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өз бақылауына алды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаев өз парақшасында жазды.
“Достар, бүгін Ақтөбе облысында орын алған қайғылы жағдайды түсіндіргім келеді. Ең алдымен, қайтыс болған баланың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамын. Жол апатында тағы 8 бала зардап шекті. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Істі облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауда ұстап отыр.
“Психологтар зардап шеккендер және олардың туыстарымен міндетті түрде жұмыс істейді. Оларға жан-жақты көмек көрсетіледі”, – деп жазды ол.
Еске салайық, 17 желтоқсан күні түскі уақытта Ақтөбе-Бұлғарқа-Шұбарқұдық тасжолының 68-ші шақырымында Toyota Estima көлігі аударылып кеткен. 32 жастағы жүргізуші жүргізген көлік Ақтөбедегі Шұбарқұдық ауылынан волейбол жарысына бара жатқан. Көлікте жаттықтырушы мен 2010-2011 жылы туған тоғыз бала болған.