Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Военкоматтан қашып бара жатыр": Астана көшелерінде биік өкше киген жігіттер көптің ашуына тиді

Фото: Видеодан скриншот

Елордада жас жігіттер биік өкше киіп, жұрттың ашуына тиді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды. 

Жас жігіттер әйелдердің биік өкшелі туфлиін киіп, көше бойымен өтіп бара жатқандардың назарын аударды. Олардың айтуынша, жігіттер көңіл көтеріп қана қоймай, қыздар сияқты өкшелі аяқкиіммен жүрудің қандай болатынын сезінгісі келген.

Видео әлеуметтік желілерде тез таралып, 2 миллионнан астам қаралым жинады. Кейбіреулер бұл әрекетті әзілмен қолдап, жігіттерді батылдығы үшін мақтаса, басқалары наразылығын білдіріп, мінез-құлқын арандатушылық деп санады.


Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жас жігіттерді қызу талқылады. 

"Майдаланып бара жатыр”, “Алдымен қалжың үшін өкше киді, енді қалжың үшін тырнақ бояйтын шығар", "Әскерге жіберу керек", "Военкоматтан қашқан түрлері шығар", “Жанындағы екі қыздың аяқкиімін киіп алған”, “Трансгендер сияқты ғой”, “Орынсыз әзіл болды” – деп жазды көпшілік.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 10:42
Талқылау