Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Visa және Halyk Қазақстанда She’s Next бастамасының жаңа толқыны басталатынын хабарлайды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Visa және Halyk көктемде әйел кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған She’s Next жаһандық бастамасының төртінші толқыны ұйымдастырылатыны туралы хабарлайды.

2021 жылдан бері Қазақстанда бастаманың үш толқыны өтті, оған Қазақстан мен Орталық Азиядан 30 000-ға жуық әйел қатысты. Өткен жылы үшінші толқын аясында She’s Next күндері Қазақстанның 8 өңірінде өтіп, ауыл шаруашылығынан бастап IT саласына дейін әртүрлі саладағы кәсіпкер әйелдерді біріктірді. 2000-нан астам бизнес-жоспар сараптамалық қазылар алқасына бағалауға ұсынылып, нәтижесінде 12 финалист таңдалды, ал үздік 4 жоба өз ісін дамыту үшін грантқа ие болды. 

Қазақстанда бизнесте жүрген әйелдердің саны жыл сайын артып келеді: Ұлттық статистика бюросының мәліметінше , 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 49%-ын әйелдер басқарады. Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда "Әйелдер, бизнес және заң" индексі 100-ден 75,6 баллды құрады, бұл әйелдердің Қазақстан экономикасының дамуына белсенді қатысатынын көрсетеді. Осындай жоғары көрсеткішке жету көбінесе әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бастамаларының артуының арқасында мүмкін болды.

She’s Next бағдарламасы аясында мыңдаған әйелдер білімге, менторлық қолдауға және қаржыландыруға қол жеткізді. Бірақ Visa мен Halyk мұнымен тоқтап қалмайды: бастаманың төртінші кезеңі қатысушыларға өз бизнесін дамыту үшін гранттар мен жеңілдетілген несие алу мүмкіндігін ұсынады. Дәстүрлі "Бастауыш бизнес" және "Қолданыстағы бизнес" бағыттарына қосымша жаңа "IT-бизнес" санаты енгізіліп, әйел кәсіпкерлігінің осы қарқынды дамып келе жатқан салада дамуына серпін береді.

"Әлемдегі әйелдердің барлығы дерлік кездесетін ең басты стереотип – бұл қоғамның патриархалды құрылымы туралы түсінік. Әйелдерге жұмысқа орналасу, мансапта өсу және өз бизнесін дамыту қиынға соғады. Егер Қазақстанның ірі қалалары мен өңірлік орталықтарында кәсіпкер әйелдердің үлесі жылдан жылға өсіп жатса, шағын қалаларда әйелдердің өз ісін дамыту мүмкіндіктері аз. She’s Next бастамасының төртінші толқыны аясында біз, ең алдымен, моноқалалардағы кәсіпкер әйелдерге сапалы өсу мүмкіндігін бергіміз келеді. 2024 жылдың нәтижелері бойынша She’s Next бағдарламасы аясында жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 800 млн теңгеге жетіп, 42 кәсіпкер әйел несие алды. Біздің жобамыз бірнеше жыл бойы өз тиімділігін дәлелдеп келеді, сондықтан оның елдің барлық аймақтарына таралуы жаңа жұмыс орындарын құруға және әйелдердің табысын арттыруға ықпал етеді деп үміттенемін", – деп атап өтті Halyk басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.
"Көптеген әйел өздерінің батыл идеяларына қарамастан, білімнің жетіспеушілігіне немесе сәтсіздікке ұшырау қорқынышына тап болады. She’s Next бастамасы Halyk-пен серіктестікте кәсіпкер әйелдерге өз бизнестерін дамытуға, байланыстарын кеңейтуге және жаңа білім алуға көмектеседі. Өткен толқындарда біз әртүрлі аймақтардан көптеген жарқын және шабыттандыратын жобаларды көрдік. Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігі барлық салаларды қамтиды және оны қолдау – ел экономикасын дамытуға жасалған маңызды инвестиция. Биыл біз кәсіпкер әйелдерді қолдауды жалғастырамыз және оларға өз бизнесін ашу мен дамытуға қажетті жаңа білімдер мен құралдар ұсынатын боламыз", – Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға вице-президенті және аймақтық менеджері Кристина Дорош.

Барлық жаңа және тәжірибелі кәсіпкер әйелдерді, сондай-ақ өз ісін ашуды армандайтын жандарды She’s Next ресми Telegram-арнасына, сондай-ақ Visa мен Halyk-тың әлеуметтік желілеріне жазылуға шақырамыз. Бұл бастаманың Қазақстанда іске қосылуы туралы жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып білуге мүмкіндік береді.

 

Жарнама құқығында

Талқылау