Америкалық сот Covid-19 вирусын таратқаны үшін Қытайдан 24 миллиард теңге талап етті
Миссуриде федералды сот Қытай үкіметін коронавирус жайлы деректерді жасырды деп айыптап, 24 миллиард теңге талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қытайдың коммунистік партиясына қарсы шағымды Миссуридің бас прокуроры Эрик Шмитт 2020 жылы түсірген. Құжатта пандемияның алғашқы айларында Пекинде вирустың бар екені және оның тарап кеткені туралы ақпаратты жасырып қалғаны айтылған. Осылайша өзге елдерге жеке қорғаныс заттарын, медициналық құрылғы сатып алуда кедергі келтірген.
Сот шешімінде Қытай пандемияның ауқымы мен қауіпіне қатысты әлемді алдап, жеке қорғаныс заттарын шығару саласында монополия атануға ұмтылған. Сондықтан сот АҚШ вирустың тарауына дер кезінде шара қабылдай алмай, құрылғы сатып алмаған.
Вашингтондағы Қытай елшілігінің өкілі Лю Пэнъюй мемлекет соттың шешімін мойындамайтынын мәлімдеді.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп ажырастым" деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.