Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-премьер су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу үшін қанша қаржы жұмсалғанын айтты

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев биыл су тасқынынан зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы 12,5 миллиард теңге бір жолғы төлем алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жуалы ауданы әкімдігі

Вице-премьер 2024 жылғы су тасқынының салдарынан 120 мыңнан астам адам зардап шекенін атап өтті. Айтуынша, табиғи апттан жапа шеккен қазақстандықтарға мемлекет тарапынан қажетті көмек көрсетілді. 

“Баспанасыз қалғандар үшін эвакуациялық пункттер ұйымдастырылды, 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Сонымен қатар зардап шеккен 21 880 отбасы үшін жалпы сомасы 10 млрд теңге (150 АЕК) көлемінде келтірілген материалдық залал өтелді”, – деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ су тасқыны салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүлік шығындарының өтемақысы ретінде мақұлданған 615 өтініш бойынша 10,2 млрд теңгеден астам қаражат төленді.


Батыс Қазақстандағы тасқыннан кейінгі жолдарды қалпына келтіру үшін тағы да миллиард теңге бөлінбек


“Шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу жөніндегі Ереженің күші 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылады. Бұдан басқа, АӨК субъектілеріне келтірілген залалды өтеу үшін шамамен 3,15 млрд теңге бөлінді”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін су тасқынын болжайтын жүйе іске қосылатыны туралы жазған едік.

Талқылау