Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Фото: Threads.com
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрін атқарған жұмысы үшін марапаттау туралы ресми құжаттағы қазақша мәтін әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның "Үздік цифрландырушы" медалімен марапатталғаны туралы құжаттың суреті тарады.
Құжатта жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойған. Желі қолданушыларының назарын шенеуніктің марапатталуы емес, құжаттағы қазақ тіліндегі мәтін аударды. Атап айтқанда, құжатта "наградталды" деген сөзі қолданылған, желі қолданушыдарының пікірінше бұл орыс тіліндегі "награждается" сөзінің аудармасы.
"Бұл қазақ тілінің әдеби нормасына сәйкес емес", – деп жазды желі қолданушылары.
Желі қолданушыларының бір бөлігі ресми құжаттарда калькалар мен тілге енген сөздер жиі кездесетінін атап өтті.
"Бір жерде “грамота” сөзін “грамотасы” деп аударғанын көрдім", "Бұл славян сөзі, қазақ тілімен байланысы жоқ", "Құжаттарда “наградталды” және “марапатталды” сөздерін қатар қолдануға рұқсат етіледі", – делінген пікірлерде.
Желі қолданушылар қатенің тұрмыстық мәтінде емес, министр қол қойған ресми мемлекеттік құжатта жіберілгенін, ал мұндай құжаттардың мемлекеттік тілдің нормаларына толық сәйкес болуы тиіс екенін айтады.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған