Вьетнам тұрғыны жүздеген ана алдыртпақ болған сәбилердің өмірін сақтап қалды
Вьетнамдық Тонг Фуок Фук көптеген ананың түсік тастамауына себепкер болды.
2001 жылы Тонг жүкті әйелін күтіп отырып, басқа болашақ аналардың бір кабинеттен жылап шығып жатқандарын байқайды. Бастапқыда мұның себебін түсінбей дал болады. Артынша олардың түсік тастатқандарын біліп, әрекеттерін қатыгездікке теңейді.
Бұл жағдай Тонгтың жүрегін қарып өтеді. Ол өз ақшасына Хон Там тауының етегінен жер сатып алады. Сол жерге өмірі басталмай жатып аяқталған сәбилерді көмеді. Алғашқы бірнеше жылдың өзінде 10 000-нан астам сәбиді жерлеуіне тура келеді.
Вьетнамдық әкенің негізгі мақсаты басқа болған. Ол жүкті әйелдер қаз-қатар тізілген мазарларды көріп, райынан қайтады деп ойлайды. Ойлағаны жүзеге асып, арада біраз уақыт өткен соң аналар түсік тастатқысы келмейтіндерін айтады. Бірақ Тонгтен көмек сұрайды.
Азаматтың жауабы кез келген жанның жүрегін тебірентері анық. Ол жағдайы жоқ жұбайлардың баласын өз қамқорлығына алуға келіседі. 10 000-нан астам сәбидің мазары тұрған жерге үй салып, оны балалар үйіне айналдырады. Кейін әлгі баласын өткізген отбасылардың материалдық жағдайы жақсарған соң перзенттерін қайтарып береді.
Тонг шатастырмау үшін 100 баланың есімін ерекше талғаммен таңдаған. Мысалы, “Вин” – “ар-ұят”, “Там” – “жүрек”. Барлық бүлдіршіннің тегінде Тонгтың да, туған ата-анасының де есімі қатар аталады.
“Мен соңғы демім қалғанша осылай жасай беремін. Кейін мен жоқ болсам да, балаларым игі істер жасайды деген үміттемін”, – дейді ол.
Суреттегі бүлдіршіндердің көздерінен нұр шашылып тұрғандай. Олардың әкесінен көп нәрсе үйренуге болатын сияқты!
Жіберіп алмаңыз:
Абхазия президенті түсік тастауға тыйым салды
Қазақстанда жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалатыны анықталды
Техаста мұғалім 13 жасар мектеп оқушысынан жүкті болып қалған
Қазақстандық дәрігер смартфон мен гаджеттің жүктілікке кері әсер тигізетінін айтты