Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

Вьетнам

Фото: Видеодан скрин/instagram.com/megapolis.kz

Вьетнамда күмәнді жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әсемнің табылғаны туралы оның әпкесі хабарлады. Әпкесінің айтуынша, қазір ол полиция бөлімшесінде отыр.

“Ол тірі, бірақ жағдайы алаңдатады. Тергеу жүріп жатқандықтан, әзірге толық мәліметті жариялай алмаймыз. Ең бастысы – оның табылғаны”, – деді әпкесі.


Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің әпкесі Қазақстанның Бас прокурорынан көмек сұрады

Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін қазақстандық жоғалып кетті: Сыртқы істер министрлігі жағдайды растады


Оқиғаның мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық Аубакир Әсемнің туыстары оның Вьетнамда жоғалып кеткенін айтқан еді. Ол Қазақстанға қайтып ұшпақ болған, алайда әуежайдағы таблодан өз рейсін таппаған. Туыстарының сөзінше, сол кезде ол екі тәулікке жуық ұйықтамаған және қатты қорқып, өзін біреулер бақылап жүргенін айтқан.

Отбасының мәліметінше, соңғы банктік операция 6 наурыз күні сағат 15:08-де тіркелген, бұл кезде таксиге қаржы төленіпті. Сондай-ақ жоғалар алдында қыздың америкалық әйелмен бірге түскі ас ішкені белгілі. Жақындарымен сөйлескен кезде оның сөзі түсініксіз болып көрінген, әрі олар оның біртүрлі күйде болғанын байқаған.

Туыстарының айтуынша, Әсем шамамен сегіз-тоғыз жылдан бері жалғыз саяхаттап жүр, алайда бұған дейін мұндай жағдай болмаған.

Отбасы Вьетнамдағы Қазақстан консулына жүгінген, алайда олардың айтуынша, демалыс күндеріне байланысты ресми рәсімдер тек дүйсенбі күні басталады. Жақындары Вьетнамда жүрген немесе қыздың қайда екені туралы ақпарат білетін адамдардан хабарласып, іздеуге көмектесуді сұрайды.

Ал бүгін Сыртқы істер министрлігі Вьетнамда жоғалған қазақ қызын іздеп жатқаны хабарланды.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 11:37