Вьетнамда ауыр жағдайға тап болған қазақстандық арнайы ұшақпен елге жеткізілді

52 жастағы ер адам отадан кейінгі кезеңде болған геморрагиялық инсульттан кейін ауыр жағдайда Вьетнамнан Астанаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы күшімен жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында бүкіл әуе сапары барысында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерулан Кундакбаев болды.
“Қазіргі уақытта пациент әрі қарай ем алу үшін ҰШМҮО-ның нейрохирургия және неврология департаментіне жатқызылды. Мобильді бригадаға олардың кәсібилігі мен іске адалдығы үшін алғыс білдіреміз. Науқастың тез сауығып кетуін тілейміз”, – делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды