Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Versace білезігі мен Tiffany сырғалары: Елімізде олигархтардан қайтарылған қымбат зергерлік бұйымдар сатылымға шығады

Қазақстанда 4-7 наурыз аралығында активтерді мемлекетке қайтару аясында тәркіленген қымбат зергерлік бұйымдар сатылымға шығады. Олардың бастапқы құны 55 миллион теңгеге дейін бағаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: еQazyna

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 63 зергерлік бұйымды наурыз айының басында сауда-саттыққа шығарады. Аукцион еQazyna платформасында өткізіледі.

Аукционға шыққан бұйымдар арасында: 

Фото: еQazyna

Van Cleef & Arpels мойынға арналған алқа бар. Оның бастапқы бағасы – 55 миллион теңге. Ол 16 карат гауһар тастармен көмкерілген 750 сынамалы ақ алтыннан жасалған 80 грамм тізбектен тұрады.

Фото: еQazyna

Frank Muller мойынға арналған алқасы. Бастапқы бағасы – 7,5 миллион теңге. Жалпы салмағы 52 грамм болатын Frank Muller брендінің цепі. 750 сынамалы ақ алтыннан және 4,6 карат 230 гауһардан тұрады.

Фото: еQazyna

Roberto Coin – Capri Plus білезігі. Бастапқы бағасы – 3,4 миллион теңге. Ол 750 сынамалы ақ алтыннан және 450 тастан тұрады. Сонымен қатар 11 карат қара сапфир мен 3 карат гауһар бар.

Фото: еQazyna

Yeprem сақинасы. Бастапқы бағасы – 14,7 миллион теңге. Yeprem сақинасы ақ алтыннан жасалған және 85 гауһармен көмкерілген.

 

Фото: еQazyna

Versace білезігі. Бастапқы бағасы – 640 000 теңге. Бұл Versace брендінің 750 үлгідегі ақ алтыннан жасалған көшірме білезігі.

Фото: еQazyna

Cartier love білезігі мен сақинасы. Бастапқы бағасы – 3 миллион теңге. Білезік 750 үлгідегі ақ алтыннан жасалған. Сақина да ақ алтыннан және 0,24 карат 3 гауһар тастан жасалған.

Фото: еQazyna

Tiffany & Co сырғалары. Бастапқы бағасы – 106 000 теңге. Ол 750 сынамалы алтыннан және әрқайсысы 0,2 карат болатын 2 изумруд тасынан жасалған.



Еске салсақ, бұған дейін елімізде қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылған еді. 2022 жылдан бастап мемлекетке шетелден қайтарылған шамамен 1,7 триллион теңгеге активтер қайтарылған.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 18 Ақпан, 2025 16:07
Талқылау