Венесуэладағы революция: жүз мыңдаған адам көшелерге шықты (видео)
Венесуэлада мемлекеттің президенті Николас Мадуроға қарсы көтеріліс өтіп жатыр.
Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Каракас, Валенсия, Сан-Кристобаль және мемлекеттің басқа да үлкен қалаларында мыңдаған адам көшеге шыты. Тұрғындары Мадуроның орнынан кетуін талап етіп, өзін өзі президентпін деп жариялап алған, оппозиция лидері Хуан Гуайдоның қолдады.
Se desencadena un país pic.twitter.com/AzM2mRZ9Qt
— Tulio Alvarez (@tulioalvarez) 23 января 2019 г.
Полициямен қақытығыста кемінде 4 адам көз жұмды. Олардың ішінде 16 жастағы жасөспірім де бар.
#AHORA: Toma aérea de la concentracion contra el regimen de @NicolasMaduro entre Avenida Francisco de Miranda y Avenida Libertador a la 1:00 pm en #Caracas #23Ene #GritemosConBrío #Venezuela #23ECalleHastaQueSeVaya # pic.twitter.com/5SgsKD0CIJ
— Bravo Pueblo (@Spynet1) 23 января 2019 г.
23 қаңтарда Хуан Гуайдо өзін Венесуэланың уақытша президенті ретінде жариялап, ант берген еді. Ол сайлаудың еркін өтуі үшін қарулы күштердің көмегімен мемлекет басшысының міндеттерін атқаратынын мәлімдеді. Оның өкілеттілігін АҚШ президенті Дональд Трамп, сонымен қатар Аргентина, Канада, Перу, Колумбия және басқа да мемлекеттердің билігі мойындады. Ал Ресей мұны жасаудан бас тартты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
