Венесуэла түрмесінде ашыққан тұтқындар камераластарын жеп қойды
Венесуэладағы Тачира қаласында орналасқан түзеу мекемесіндегі тұтқындар бүлік көтеріп, камераластарына ауыз салған.

Фото: publy.ru
Бұл туралы The Independent хабарлайды.
Оқиғаның жай-жапсарын қаза тапқан тұтқынның әкесі Хуан Карлос Эррара айтқан.
“Жалпы саны 40 шақты адам менің ұлыма және тағы екі адамға шабуылдаған. Олар үшеуінің денесін тілгілеп тастаған. Кейін сол жердегі адам жегіш Дорангель (Венесуэладағы кісі өлтіргіш) денелерді бөлшектеп жеуге берген”, – дейді ол.
Енді әкесі ұлының тым құрыса бір бөлек сүйегін табуды ойлап отыр. Ал елдегі түрмелерге жауапты министр Ирис Варела болса, аталмыш түрмеде расында екі адамның жоғалғанын, бірақ адам жеу дерегі тіркелмегенін айтуда.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"